Ресми мәліметке сәйкес, ол бұл қызметті атқаруын өз еркімен тоқтатқан.
2025 жылдың 7 тамызында Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, ол бұл қызметті атқаруын өз еркімен тоқтатқан.
"2025 жылғы 7 тамыздан бастап Әсем Нүсіпова Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін өз өтініші бойынша тоқтатты", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Әсем Нүсіпова бұл лауазымды 2022 жылдың ақпанынан бері атқарып келген. Оның жетекшілігінде білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту салалары болған.
Қазіргі таңда Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары ретінде келесі тұлғалар қызмет атқарады:
Асқар Амрин – қоғамдық көлік, сумен қамтамасыз ету, энергетика және қаржы салаларына жетекшілік етеді;
Бейбіт Шаханов – құрылыс, спорт және жер қатынастарына жауапты;
Азамат Қалдыбеков – қоғамдық даму, мәдениет, дін және жастар саясаты салаларын қадағалайды;
Олжас Смағұлов – экономика, мемлекеттік активтер, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм, экология және қаланы абаттандыру бағыттарына жауап береді.
Айта кету керек, Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдының қызметке келуінен кейін әкімдік құрамында бірқатар кадрлық өзгерістер жүзеге асып жатыр.
Спросить ChatGPT