$ 539.38  629.46  6.76

«Кір мен қоқысқа толы вагон!» — Атырау–Ақтау пойызы жолаушылардың ашуына тиді

Қоқыс жатыр, терезе жуылмаған, іші шаң-тозаң!

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Атырау–Ақтау бағытындағы жолаушылар пойызында түсірілген видео әлеуметтік желіні дүрліктірді. Кадрларда жолаушы қызметкерлерге ашулы түрде шағым айтып жатыр: вагон іші шаң басқан, терезелер кір, қоқыс жиналмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бұл пойыз жуылады ма? Қоқыс жатыр, терезе жуылмаған, іші шаң-тозаң! Бірінші тазалап алыңдар да, сосын жолаушы отырғызасыңдар. Мына кір вообще өмірі жуылмаған!» – дейді ашынған жолаушы.

Айтуынша, пойызға мінген сәттен бастап жағдайы көңілден шықпаған. Видеоны көрген көпшілік теміржол қызметінің жауапкершілігін сынға алды.

«Арыз жазамыз!» – деп ескертті жолаушы пойыз персоналына.

Пікір қалдырғандар арасында «Жолаушыдан билет ақшасын толық алады, бірақ қызмет сапасы нөл» деп жазғандар да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары