$ 542.66  631.98  6.77

Бишімбаевтың әпкесі Астананың қақ ортасындағы мейрамханада үлкен шу шығарды (ВИДЕО)

Ол еш ескертусіз келіп, ішке кіріп, жарықты өшіріп кеткен.

Фото: жоғарғы сот
Фото: жоғарғы сот

Бүгін Астанадағы ZIMA мейрамханасынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде ең көп талқыланған жазбалардың біріне айналды. Instagram-да жарияланған кадрларда электр жарығының болмауына байланысты мейрамхана кіреберісінде адамдардың жиналғаны байқалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Myastanacity парақшасының мәліметінше, ZIMA әкімшілігі жарықты өзін бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әпкесі ретінде таныстырған әйел сөндіргенін айтқан.

"Жалға алушылардың сөзінше, ол еш ескертусіз келіп, ішке кіріп, жарықты өшіріп кеткен", – делінген дереккөзде.

Мейрамхана әкімшілігінің мәліметінше, Бишімбаевтар отбасы 2023 жылғы қайғылы оқиғадан кейін, яғни "Гастроорталықта" Салтанат Нүкенова қаза тапқан соң, 2024 жылдың көктемінде ресми түрде кешеннің құрылтайшылары қатарынан шығарылған. Алайда жалға алушылардың пікірінше, бүгінгі жағдай керісінше әсер қалдырады.

"Егер отбасының кешенге ресми қатысы жоқ болса, олардың туыстары біздің жұмысымызға неге әлі араласады?" – дейді ZIMA өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары