Жүргізушінің жағдайы мен жол-көлік оқиғасының толық мән-жайы анықталуда.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 10 тамыз күні сағат 13:30 шамасында Наурызбай ауданында тіркелген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Range Rover автокөлігінің жүргізушісі Хигай көшесімен шығыс бағытта келе жатып, жолдың жүріс бөлігінде тұрған 2013 жылы туған балаға соққан.
Соққы салдарынан кәмелетке толмаған жеткіншек оқиға орнында қаза тапты.
Тергеу жүріп жатыр
Полиция дерегінше:
«Қала тұрғындары мен ата-аналарды балалардың жолда қауіпсіздігін қадағалауға шақырамыз», – деді ПД өкілі.