$ 539.49  627.7  6.75

«Шыңғысханға таласа бермей өз бабаларымызды білуіміз керек» — Жиһангер Сапар Ысқақов

"Неге біз өз бабаларымызды, мықты хандарымызды білмейміз?".

Жиһангер, құрылысшы, меценат Сапар Ысқақов “Qasqa jol” подкастында қазақтың тарихы мен туризмі туралы сүбелі ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Неге біз өз бабаларымызды, мықты хандарымызды білмейміз? Шыңғысханның мақсаты елдерді жаулап алу болған. Өртеді, жойды, жаулады, құлдықша алды. Сол құлдыққа алынғандардың бірі Сұлтан Бейбарыс пен Қалауын болған. Олар кейін билік басына дейін көтерілген, қандай мықты болған. Ал біз келіп Шыңғысханды бабамыз дейміз. Онда неге олар өздерін ақсүйекпіз деді, бізді қазақтарды қара сүйек деді. Хан болу үшін Шыңғысханның тұқымынан болу керек. Олар - Төре. Төре деген - қазақтың шежіресіне кірмейді. Сонда қалай ол бізге баба болады. Біз неге соншама жармаса береміз Шыңғысханға, Жошыға? Жалпы қазақтың хандарына. Ал мынау Дешті қыпшақ мысалы Алтай мен Дунайдың ортасындағы. 200 жылдың ішінде 50 ден астам хандар бар. Неге біз соларды білмейміз? Неге солармен мақтанбаймыз? Неге Грузия тарихында бар Артық хан, бізде жоқ? Барып Грузиядан сұраңызшы, сіздерді шежріктерден құтқарған кім дегенде, “қыпшақтар” дейді. 40 мың қолды алып келген Артық хан. Венгрияға барыңызшы, 2 облыс өздерін қыпшақпыз деп есептейді. Әрине, тілдері ұмытылған қанша жыл өткен соң. Дегенмен өздерінің қыпшақ екендерін мойындап отыр”, - деді ол.

Сондай-ақ, Сапар Ысқақов қай бабалармен мақтанатынын және мақтану керектігін де атап өтті.

“Біздің бабаларымыз бар өзіміздің мысалы Тұғырыл хан. Сүйегі Киевте музейде жатыр. Мен үкіметке алдырайық деп қаншама рет жаздым. Бірақ олар жүгіргісі келмейді. Жүгіру керек, қиналу керек ол үшін. Оларға оның керегі не? Сұлтан Бейбарыспен мақтануға болады одан кейін. Күллі араб елін моңғол шапқыншылығынан құтқарған. Одан кейін Қалауын. Оны мүлде ешкім білмейді. Сұлтан Бейбарыстан кейінгі екінші сұлтан болған. Біздің қаншама бабаларымыз Византияның әскерінің құрамында шапқыншылық жасаған. Оларды мықты деп әскерге шақырған”.

Ол Қабдеш Жұмаділовтің Шыңғыс қазақтардың бабасы деген пікірімен келіспейтіндігін де айтты.

“Ол әлі дәлелденбеген нәрсе. Қазақ болып рулар біріккен соң қалыптасты. Оның ішінде төрелер жоқ қой. Сонда қалай ол қазақ болып қалыптасады?", - деді жиһангер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары