Куәгерлердің айтуынша, жәбір көрген қыз қорқып, келесі аялдамадан түсіп қалған.
Алматыда ер адам қоғамдық көлікте қыздың жамбасына қол жүгірткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрлардан ер адамның қыздың жамбасын бір қолымен ұстап, емін-еркін тұрғанын байқауға болады. Куәгерлер жағдайды видеоға түсіріп алған, алайда құқық бұзушы өзін түсіріп жатқанын білсе де, еш қымсынбаған.
Куәгерлердің айтуынша, жәбір көрген қыз қорқып, келесі аялдамадан түсіп қалған. Дегенмен ер адам мұнымен қоймай, басқа қызға да сол әрекетті жасаған.