$ 542.66  631.98  6.77

Балқашта 8 жастағы баланы соққыға жыққан «Қазақмыс» қызметкері екі айға қамалды

Полиция «кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Балқашта баланы ұрып-соғып, азаптады деген күдікке ілінген «Қазақмыс» қызметкері екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облысының полиция департаменті 8 жастағы баланы қорлаған ер адамның ұсталып, қамалғанын мәлімдеді. 

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот екі айға қамауға алуға рұқсат берді», — деп хабарлады облыстық ПД. 

Айта кетейік, 4 тамызда Балқаш тұрғыны 8 жастағы баласын «Қазақмыс» қызметкері соққыға жыққанын айтты. Полиция «кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары