11.08.2025, 23:30

«Фаризадан Айжұлдыз мың есе артық»: Әлеуметтік желіде блогерлерді салыстырған жазба қызу талқыға түсті

Коллаж: sn.kz

Жазба авторының айтуынша, Айжұлдыз — сауатты, курсын сатып көрмеген, тігін тігеді, модельдікпен айналысады, музыкамен шұғылданады, өзін жан-жақты дамытқан.

Әлеуметтік желіде тараған жазбада автор Айжұлдыздың Фаризадан «мың есе артық» екенін ашық жазып, оның жетістіктерін тізіп шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Жазба авторының айтуынша, Айжұлдыз — сауатты, курсын сатып көрмеген, тігін тігеді, модельдікпен айналысады, музыкамен шұғылданады, өзін жан-жақты дамытқан. Сондай-ақ, ол шетелде білім алып, бірнеше жоғары оқу орнында оқыған.

«Бір сұхбатында: ‘Былай ақыл айтуға ұяламын’ дегенін естігенмін, бірақ өзі үлгі боларлық нағыз жұлдыздың қызы. Ақты – ақ, қараны – қара деп айта алатын ақылдылығына таң қалғанмын», – деп жазады автор.

Бұл пікір желі қолданушылары арасында қызу талқы туғызды. Бірі Айжұлдыздың ашықтығын, еңбексүйгіштігін және жасөспірімдерге берер үлгісін қолдаса, енді біреулері блогерлерді салыстырудың қажеті жоқ екенін айтты.

Пікірлерден үзінділер: «Фаризамен Айжұлдыздың подкастарын тыңдап көрсең, Айжұлдыздың қаншалық білімді екенін көресің, сұхбатын тыңдау – ғанибет»; «Неге екеуін салыстырып жаздыңыз? Екеуі екі бөлек адам ғой»; «Өз қазағыңа қолдау беріңдерші, әр қыздың өз аудиториясы бар»; «Фаризаның курсын алатындар, кітапта, интернетте су тегін тұрған нәрселерді сатып алмай-ақ қойыңдар».