Астанада 12 тамызда таңертен және күндіз нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Қазақстанның 16 облысында 12 тамызда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 12 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысының солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауып, дауыл тұрады, түнде және күндіз облыстың солтүстік-батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 12 тамызда күндіз найзағай ойнап, батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, ортасында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 12 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 12 тамызда түнде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан соққан желдің түнде екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 12 тамызда таңертен және күндіз нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, таңертен және күндіз кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық болып, облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 12 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 12 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Оралда 12 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 12 тамызда найзағай ойнап, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодарда 12 тамызда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 12 тамызда түнде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде 12 тамызда күннің екінші жартысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15 м/с.
Таңертең және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 12 тамызда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 12 тамызда найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Қостанай облысының шығысында жаңбыр жауады, түнде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 12 тамызда найзағай ойнайды деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан батысқа ойысса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда 12 тамызда найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, шығысында, орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 12 тамызда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.