12.08.2025, 12:40

«Байы жоқ адам бақытсыз»: Дана Нұржігіт ажырасқан әйелдер туралы тосын мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/dana.nurzhigit

Айтпауға тағы болмайды.

Танымал тележүргізуші, блогер Дана Нұржігіт белгілі филолог, аудармашы Назгүл Қожабекпен сұхбаттасты. Ол сұхбат барысында қоғамдағы ажырасқан келіншектер туралы әңгіме қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дана Нұржігіт бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Байсыз әйел бақытсыз ба? Бұл сұрақты естігенде, әркімнің ойына әртүрлі жауап келеді. Біреу – «ия» дейді, біреу – «жоқ» дейді. Бірақ шындығында, қоғамда жалғызбасты әйелге қатысты қалыптасқан көзқарастар мен стереотиптер әлі де күшті. Бүгінгі кейіпкеріміз — филолог, аудармашы, тіл жанашыры, «Калькасыз қазақша» телеграм арнасының авторы Назгүл Қожабек. Тілі ащы, көзі қырағы редактор ретінде ол әлеуметтік желідегі қателерді атын атамай-ақ тауып, жұртқа көрсетеді. Сонымен қатар, ол үш баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ана. Оның жазбаларының елеулі бөлігі әйел тағдырына, бала тәрбиесіне, гендер теңдігіне арналған. Бұл сұхбатта біз екеуміздің де ортақ тағдырымызды — жалғызбасты аналардың өмірін — ашық талқыладық. Әйел бақыты неде? Қоғам бізді қалай көреді? Жеке өмір, бала тәрбиесі, қаржылық тәуелсіздік, ішкі күш пен бақыт туралы не айтамыз?", деп қынжылды журналист.