Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, биылғы жылдың 12 тамызында Көкшетау қаласында Абай және Вернадский көшелерінің қиылысында Chery маркалы автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жол апатының салдарынан кәмелетке толмаған бала медициналық мекемеде көз жұмды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде, жылдамдық режимін сақтау маңызды екенін ескертеді.