13.08.2025, 00:00

Теміртаудағы ұят оқиға: Жұп балалар алаңында жыныстық қатынасқа түсті (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

Оқиғаның соңғы сәтін куәгер видеоға түсіріп алған. 

Теміртау қаласының 6-шы шағын ауданындағы 53-үй тұрғыны түн ортасында өз ауласындағы балалар алаңында орын алған ерсі көріністің куәсі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі болғандай, белгісіз ер мен әйел жыныстық қатынасқа түскен. Оқиғаның соңғы сәтін куәгер видеоға түсіріп, жергілікті пабликке жолдаған.

Бұл – Теміртауда қоғамдық орында құмарлыққа берілгендердің алғашқы оқиғасы емес. Бұған дейін, мамыр айында, қала тұрғыны жағажайда жыныстық қатынасқа түскені үшін 10 тәулікке қамауға алынған. Ал оның серіктесіне 80 мың теңгеге жуық айыппұл салынған еді.