$ 538.03  629.23  6.74

Нұрдәулет Қилыбайдың шытырман оқиғасы: Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған ұлына алимент төлеуге міндеттелді

Әкім дауға қатысты сұрақтарға нақты жауап бермеген.

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай некесіз туған ұлының әкесі деп танылып, алимент төлейтін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы баланың анасы жария етті. Бұған дейін бұрынғы облыстық мәслихат депутаты Ынташ Наурызова өңір басшысынан ұл тапқанын айтып, бірақ әкімнің баласынан безіп, тегін бермей жүргенін желілерде жариялады.

Осы әрекеті үшін Нұрдәулет Қилыбайдан қысым көргенін мәлімдеп, президент Тоқаевқа үндеу жасады.

Әкім дауға қатысты сұрақтарға нақты жауап бермеген.

Ювеналды сот Маңғыстау әкімін 3 жасар Әміренің әкесі деп таныды. Бала 18 жасқа толғанға дейін ол табысының 25 пайызын алимент ретінде төлейді.

Әміренің туу туралы куәлігіне де өзгерістер енгізілген. Анасы Нұрдәулет Қилыбайдың әкелігін мойындату үшін ұзақ уақыт күрескен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары