15.08.2025, 11:00

Қаржаубай Нұрымовтың үйі өртенген іс бойынша тергеу тоқтатылды

Фото: Tizgin

Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді. 

Алматы облысының прокуратурасы Қаржаубай Нұрымовтың үйіндегі өртке қатысты қылмыстық істің тергеу мерзімі тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ведомство мәліметінше, бұл шешім Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағына сәйкес қабылданған. Яғни, іс бойынша құқықтық көмек көрсету аясында жүргізілетін процессуалдық әрекеттер аяқталғанша тергеу уақытша тоқтайды.

Еске салайық, 2023 жылдың 12 қазанына қараған түні марқұм Қаржаубай Нұрымовтың отбасы тұрған үй толықтай өртеніп кеткен еді. Марқұмның туыстары бұл оқиғаны күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады.

Ал биыл наурыз айында Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Перизат Нұрымованың отбасы жаңа баспанаға қоныстанған болатын.