Менің оған еш қатысым жоқ.
Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары Руслан Берденов күні кеше әкімдік ғимаратында ұсталған Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешовтің өзіне еш қатысы жоғын айтып, БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Руслан Берденов әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты жалған ақпарат тарағанын жазды.
“Құрметті достар! Бүгін ұсталған, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Арман Әбдешовке қатысты кейбір дереккөздер таратқан ақпаратты жоққа шығарамын. Оның “менің адамым” екендігі жөніндегі кез келген мәлімдемелердің ешқандай негізі жоқ. Менің оған еш қатысым жоқ. Ол бұл лауазымға мен әкімдікке келгенге дейін тағайындалған”, – делінген жазбада.
Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары БАҚ өкілдері мен арна авторларынан ақапарт жариялаудың алдында еректерді мұқият тексеріп, халықты адастырмауға шақырды.
Желі қолданушылары Руслан Берденовті қолдайтынын жеткізіп, жазба астында түрлі пікір қалдырды.
“Жемқорлар құрысын дейді. Енді оларды құртатын бір адам келгенде дәлелсіз сол адамды кінәлайды. Жұмыс жасайтын адамды аяқтан шалады”, “Өтірік, дәлелсіз ақпарат шығаратындарға заң болса, шіркін”, “Кезінде Алаш батырларын дәл осылай өзіміз шапқан екенбізғой! Алла сізге күш қуат берсін”, “Сізге сенеміз”, “Сағыңыз сынбасын”, “Аман болыңыз Руслан аға, Қазақ елі сізбен бірге”, – деп жазды желі қолданушылары.