15.08.2025, 10:30

Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Фото: aiqyn.kz

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Үкіметте бірқатар ауыс-түйіс орын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.