Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды.
"Найзағаймен бірге жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде нөсер күтіледі, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, ал солтүстікте түнде және таңертең тұман болады", - делінген хабарламада.м
Алматы облысында, Жетісу облысында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстік-батысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысы, солтүстігі және шығысында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы және шығысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарында төтенше өрт қаупі бар.