$ 540.87  632.01  6.76

Автобус көпірден құлап, 18 адам қаза тапты

Құтқарушылар өзенге құлаған автобусты іздеу және жолаушыларды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.

Фото: Getty Images / Anadolu/Hamza Zait
Фото: Getty Images / Anadolu/Hamza Zait

Алжирдің Хараш округінде ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жолаушылар автобусы көпірден құлап, өзен арнасына түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, апат салдарынан 18 адам қаза тапты, тағы 9 жолаушы жарақат алды. Зардап шеккендердің екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Құтқару жұмыстары қалай өтті?

Алжирдің азаматтық қорғаныс қызметі апат орнына:

  • 25 жедел жәрдем көлігін,
  • 16 сүңгуірді,
  • 4 құтқару қайығын жұмылдырды.

Құтқарушылар өзенге құлаған автобусты іздеу және жолаушыларды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталуда. Жергілікті билік орындары жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары