$ 540.87  632.01  6.76

Степногорск шенеуніктері 23,5 млн-дық көлікті «жеп қойды ма?» – әкім көліктің қайда екенін білмейді

2023 жылдың күзінде әкімдік «ПрофТехГрупп» компаниясынан әрқайсысы 23,5 млн теңгеден екі Hyundai Santa Fe сатып алды.

Фото: Жалағаш жаршысы
Фото: Жалағаш жаршысы

Президенттің үнемдеуге шақыруына қарамастан, жергілікті билік қымбат көліктерден бас тартпай отыр. Ал Степногорск қаласында тіпті бір автокөлік «жоғалып кеткен», деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2023 жылдың күзінде әкімдік «ПрофТехГрупп» компаниясынан әрқайсысы 23,5 млн теңгеден екі Hyundai Santa Fe сатып алды. Алайда біреуі ғана ресми түрде әкімдік балансына тіркелді – ол қазіргі әкімнің қарауында. Екінші көлік болса, жеткізуші компанияның айтуынша, қалалық прокуратураның пайдалануына кеткен. Бірақ техпаспорт пен кілт ЦОН-ға тапсырылмағандықтан, көлікті әкімдікке тіркеу мүмкін болмаған.

Әкімдіктің бухгалтері де растады: «Машинаны бірден прокурорлар алып кетті». Соның салдарынан штрафтар әлі күнге дейін компания атына келуде. Ал экс-әкім Алпысбай Қайыржанов пен бұрынғы аппарат басшысы «бәрі дұрыс» деп ақталады. Қазіргі әкім Гайдар Қасенов болса, «көліктің нақты қайда екенін білмеймін» дейді.

Қиындық мұнымен бітпейді. Поставщиктің қарыздарына байланысты көлікке арест қойылған. Енді мәселе сот арқылы шешілмек.

Белсенділердің айтуынша, дәл сол уақытта әкімдік қалалық прокурор Канат Мадыбаевтың пәтеріне «ағымдағы жөндеу» деп 13,6 млн теңге жұмсаған. Олар мұны Қайыржанов пен Мадыбаев арасындағы ескі байланыспен байланыстырады.

Бұл – Қайыржанов кезеңіндегі үшінші күмәнді оқиға, алайда прокуратураның назарынан тыс қалып отыр.

Көлік әкімдіктің балансына қайтып орала ма, әлде мүлде «жоғалып» кете ме – уақыт көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары