18.08.2025, 13:00

«Зинаны тоқтатпасақ, ертең оннан тоғызы ДЦП бала туады»: Блогердің даулы жазбасы қоғамды дүр сілкіндірді

Фото: ruh.kzq

"Содан білім де жоқ, денсаулық та, әскер де жоқ, боқ та жоқ". 

Әлеуметтік желіде танымал блогер Ақсұлтан Қали жазған пікір үлкен дау тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол алғашқы жазбасында:

«Зинаны тоқтатпасақ, ертең оннан тоғызы ДЦП туады. Содан білім де жоқ, денсаулық та, әскер де жоқ, боқ та жоқ» – деп мәлімдеді.

Бұл сөз қоғамның ашу-ызасын туғызды. Әсіресе ДЦП-мен ауыратын балалардың ата-аналары мен құқық қорғаушылар мұны ауыр, қорлайтын мәлімдеме деп бағалады. Кейін блогер жазбасына түсініктеме беріп, өз ойын басқа мағынада жеткізгісі келгенін айтты. Оның сөзінше, ата-анасы 15-20 жыл бойы ДЦП балалармен жұмыс істеп жүргендіктен, бұл тақырып оған бөтен емес.

«Жеке ата-ананы немесе баланы кемсіту ойымда болған жоқ, сөзім контекстен үзіліп қалған» деп ақталды. Сонымен бірге ол: «Әр бала – Алланың сыйы. Ешбір ата-ана кінәлі емес. Менің айтпағым – қоғамдағы зина, арсыздық жаңа дерттер мен қиындықтарды әкеледі деген пайым еді» – деп түсіндірді.

Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі мұндай ауыр салыстырудың өзін қабылдамайтынын ашық жазып жатыр.