Қазіргі таңда іс материалдары сот қарауына жолданды.
Елордада тұрғын үй ауласында ер адам тапаншамен оқ атып, ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 17 тамыз күні таңертең «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешені маңында болған. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп, кейін желіде жарияланды. Кадрдан ер адамның айқайлап жүріп, көліктерге қарай тапаншамен бірнеше рет оқ атқаны анық көрінеді.
Полиция дереу әрекет етіп, 25 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде оның мас күйінде болғаны және өзін-өзі оқтайтын газ тапаншасынан оқ атқаны белгілі болды. Қару тәркіленіп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда іс материалдары сот қарауына жолданды.