Месси мен Рональду көрмесін.
Әлеуметтік желіде балаларымен футбол ойнап, туфли киіп доп тепкен келіншектің видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Динара Шойбекова есімді түркістандық келіншек жеке парақшасында футбол ойнап, жиі доп тебетін видеоларын жүктеген.
“Спорт адам таңдамайды екен. Бала-шағасы мен жасына да қарамайды. Балалардың көңілі үшін футбол ойнаймын. 3 қыз, 1 ұлым бар. Жалғыз ұлың болса осы екен, көңілің қимайсын”, – деп жазды Динара.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, жас келіншекті футболды кейбір ер-азаматтардан керемет ойнайтынын талқылап жатыр.
“Біздің командаға шабуылшы керек”, “Кейбір еркектерден күшті тебеді”, “Менен жақсы ойнайды екен”, “Қазақстан құрама командасына қосып жіберу керек”, “Месси мен Рональду көрмесін”, “Бала-шағасы аман болсын”, – деп жазды көпшілік.