19.08.2025, 15:50

Назарбаев университетінде тағы бір суицид: Бір жарым айда екінші қайғылы оқиға

Фото: nu.edu

Бұл туралы Halyqstan тілшісіне қалалық Полиция департаменті растады.

Астанадағы беделді оқу орнында тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Halyqstan тілшісіне қалалық Полиция департаменті растады. Ресми мәліметке сәйкес, трагедия 15 тамыз күні болған.

«Астанадағы 22 жастағы тұрғынның мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала деректерге қарағанда, қыз жатақхананың 12-қабатынан құлап кеткен. Қазір барлық мән-жай анықталып жатыр», – деді полиция өкілдері.

Айта кетейік, дәл осы Назарбаев университетінің жатақханасында 18 маусым күні де студент қыздың денесі табылған еді. Ол кезде қайғылы жағдайдың себебі ресми түрде жария етілмеген. Министр Саясат Нұрбек пен Ішкі істер министрі Ержан Саденов тек «құзырлы органдар бірлесіп жұмыс істеп жатыр» деп қысқа қайырған. Бір оқу орнында екі айдың ішінде екі бірдей суицид тіркелуі қоғамда үлкен сұрақ тудырып отыр.