20.08.2025, 12:20

Абай облысында көлік басып кеткен балалардың жағдайы белгілі болды

Фото: ДСМ

Балалардың жағдайы тұрақтанған соң оларды әуе көлігімен Астанаға жеткізу жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір олардың бірінің жағдайы өте ауыр. Ал екеуінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Олардан бас сүйек-ми және қозғалыс-тірек аппаратының жарақаттары, ішкі ағзалардың зақымдануы анықталған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Балалардың жағдайы тұрақтанған соң оларды әуе көлігімен Астанаға жеткізу жоспарланып отыр.

Қазір зардап шеккендердің бірінің миына күрделі нейрохирургиялық ота жасалып жатыр. Дәрігерлер ішкі ағзалардағы қан кетуді тоқтатқан.

Бұған дейін 19 тамызда Абай облысында көлік үйдің жанында ойнап жүрген балаларды басып кеткен еді. Жүргізуші рульге ие бола алмай, алты баланы қағып кеткен. Үш бала оқиға орнында көз жұмып, тағы үш бала жарақат алған.