$ 537.75  626.43  6.71

«85 мың теңгеге қалай өмір сүресің?» – халық ең төменгі жалақы көтеруді талап етті

Қазір қоғамда бұл тақырып қызу талқыланып жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда ең төменгі жалақы көлемі қоғамда үлкен дау тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазір белгіленген мөлшер – 85 мың теңге, шамамен 160 АҚШ долларына тең. Бұл қаражат отбасын асырауға, азық-түлік пен негізгі қажеттіліктерді өтеуге жетпейді деген шағымдар күшейіп отыр.

Осыған байланысты Диас Абайұлы бастаған азаматтар «Қазақстаңдағы ең төменгі жалақы 85 мың емес, 200 мың теңге болуы тиіс» деген талаппен петиция жариялады. Автордың айтуынша, бұл сома халықаралық стандарттарға жақын келіп, халыққа лайықты өмір сүруге мүмкіндік береді. Ол салыстырмалы түрде Түркіменстанда ең төменгі жалақы 200 мың теңге (400 АҚШ доллары), Балтық елдерінде 500–600 мың теңге (1000–1200 доллар), ал Эквадорда 270 мың теңге (470 доллар) екенін атап өтті.

Алайда Үкімет әзірге мәселені ресми қарастырмаған. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «кабинетте бұл тақырып талқыланбағанын» айтты. Ал Қаржы министрі Мәди Тәкиев республикалық бюджетте «жалақыны көтеру қауіпті әрі тек есептік болжам ғана» екенін жеткізді.

Соған қарамастан, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова журналистерге 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының көтерілуі жоспарланғанын растады.

Қазір қоғамда бұл тақырып қызу талқыланып жатыр. Петицияға қол қойғандар саны күн санап артып, халық биліктен нақты шешім күтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары