22.08.2025, 08:30

Жаңбыр, найзағай, өрт қаупі: Бүгін ауа райы қалай құбылады

Фото: Pixabay

Астанада найзағай күтіледі, күндіз бұршақ болып, дауыл тұрады.

22 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл және өрт қаупі күтіледі. Көп өңірде жел екпіні 15-28 м/с дейін жетіп, ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шағысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. 22-23 тамызда облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 22 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. г. Павлодар: 22 тамызда найзғай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертен тұман күтіледі.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 22 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 22 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 22 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 22 тамызда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Өскемен қ.: 22 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Семей қ.: 22 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ: 22 тамызда шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 22 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 22 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 22 тамызда түнде найзағай күтіледі.

Ақмола облысының батысында, шығысында қатты жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 22 тамызда түнде және таңертең найзағай, тұман күтіледі.

Астанада найзағай күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Қонаев қ.: 22 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.