Халықаралық конвенцияларға мүше ел ретінде босқындарды қабылдауға міндеттіміз.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров үкіметті сынға алды. Ол сырттағы қазақтарды елге әкелгеннің орнына, өзектен тепкен билікті қатал сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.
«Әрбір этникалық қазақ Қазақстанға қайтуға құқылы. Ал Ауғанстандағы қазақтарға келсек олардың біразы бас сауғалап, 1985-86 жылдары кеткен. Біразы екі жыл бұрын Ауғанстаннан безуге мәжбүр болған. Олардың қолында обьективті жағдайға қатысты құжат жоқ. Кейбірінде БҰҰ босқын деген қағаздары бар. Осыдан бір жыл бұрын ол жақтағы елшілік олардың қазақ, қазақ еместігін анықтау үшін он адамға генетикалық сараптама жасаған және ол Қазақстанда жасалған. Ол он адамның бәрі генетикалық тұрғыдан қазақ екендігі руына дейін анықталған. Керей, Керейдің ішінде Сарбас руынан. Енді олардың жағдайлары күрделі. Пәкістан үкіметі 1-қыркүйекте оларды Ауғанстанға депортация жасайтындарын мәлімдеген. Бұл жерде екі мәселе бар, олардың бәрі этникалық қазақтар. Қазақстан зайырлы мемлекет, халықаралық аспектілерге дұрыс жауап береді, әлемде өзіндік орыны бар деп мәлімдейміз. Босқын болып келген басқа ұлттардың бәрін қабылдаймыз, ал өзіміздің қазаққа келгенде дискриминацияға барамыз. Сонда, бұл кімнің мемлекеті деген сұрақ туады?», - деп ашуланды депутат.
Халықаралық конвенцияларға мүше ел ретінде босқындарды қабылдауға міндеттіміз. Қазақ болмаса да қабылдауымыз керек. Бірақ біздің ел бюрократияға толы, кедергідер көп. Билік ешқандай негізсіз босқындардан паспорт талап етіп отыр.
«Паспорттың ішінде қазақ деп жазылып тұру керек. Бүгінгі таңда дүниежүзінде көптеген мемлекеттер паспортқа ұлттарын жазғызбайды. Иран жазғызбайды, Ресей алып тастап жатыр. Еуропвның көптеген елдері ұлт деген графаны алып тастап жатыр. Сонда шетте жүрген қазақтар қалай келу керек? Дәл қазір Ирандағы этникалық қазақтардың елге келуіне үлкен проблема бар. Паспорттарында қазақ деген графа жоқ. Ауғанстанда да проблема бар, өйткені олардың құжаттық жүйелерінің өзі реттелмеген. Қазақстанға сырттағы қазақтарды алып келудегі проблемалар көп», - деді Ерлан Саиров.
Қазіргі уақытта Пәкістандағы біздің елдің елшілігі босқын қазақтарды Ауғанстанға жібермеу жайлы кеоіссөздер жүргізіп жатыр. Ал үкімет оларды тарихи отанына алып келу керек.
«Біз Қазақстанның ішіндегі проблемаларға назар аударуымыз керек. Он жылдың ішінде Қостанай, СҚО, Павлодар, ШҚО, Абай, Қарағанды облыстарынан екі жүз мың адам көшіп кеткен. Адамдар азайып жатыр. 2023 жылдан бері Қазақстанда 80 ауыл жабылған. Депопулаяция процес, тері жүріп жатыр. Енді сол ауылдарға біз біреулерді әкелуіміз керек қой. Өзіміздің екі туып, бірі қалған қазағымыз көшіп келеміз дейді. Біз оны кіргізбейміз. Сондықтан біз сырттағы ағайындарымызға көзқарастврымызды өзгертуіміз керек», - деді депутат.