$ 535.99  626.36  6.64

Дәрігерлерге шабуыл: Әлназарова Тоқаевқа медицина қызметкерлерін қорғау шаралары туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады, деп хабаралайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды. 

Ақмарал Әлназарова:

  • өткен жылы елімізде өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткенін айтты.

 

Бұл – әлемдік орташа деңгейден жоғары көрсеткіш. Биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы өлім-жітім 3 пайызға төмендеді. Былтыр алғаш рет ана мен бала өлімі ең аз көлемде тіркелді. 

  • алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігін арттыру, "Қолжетімді емхана" тұжырымдамасын жүзеге асыру, халықтың скринингтен өтуін жеңілдету бойынша мәлімет берді.

 

Дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ету және оның айналымын бақылауды күшейту шаралары жүргізіліп жатыр. 2024 жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы республикада – 19 пайызға, ауылдарда – 16 пайызға және орта буын медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі 7 пайызға азайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары