$ 533.87  621.64  6.64

20 жастағы ақтаулық жігіт Грузияға ұшып кеткеннен кейін хабар-ошарсыз жоғалды

Белгілері: бойы – 175 см, орта дене бітімді.

Фото: "Lider.kz"
Фото: "Lider.kz"

Ақтаудан Грузияға түнгі рейспен ұшып кеткеннен кейін жас жігітпен байланыс үзілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Lider.kz" іздеу жасағының еріктілері 20 жастағы Данияр Жақсылықты іздестіріп жатыр. Туыстары онымен 18 тамыз, дүйсенбі күні байланысын жоғалтқан. 

Мәліметтерге сенсек, ол әуежайда түнгі рейспен Ақтаудан Тбилисиге ұшып кеткен. Шекарадан өткені анықталды. Алайда содан кейін байланысқа шықпаған.

Белгілері: бойы – 175 см, орта дене бітімді.

Туыстары мен жақындары іздеуге көмектесуді сұрайды.

Кімде-кімде Данияр Жақсылықтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат болса, төмендегі нөмірлерге хабарласуды өтінеді:

???? +7 (700) 499-7292 немесе 102.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары