Айыпталушының күрделі диагнозы бола тұра, жүргізуші куәлігін қалай алғаны белгісіз.
6 баланы қағып кеткен жүргізуші Аңсабаевтың он жыл бойы эпилепсия диагнозымен есепте тұрғаны анықталды. Үржар аудандық соты 55 жастағы ер адамды көлікті басқару құқығынан айырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айыпталушының күрделі диагнозы бола тұра, жүргізуші куәлігін қалай алғаны белгісіз.
«Үржар аудандық соты Аңсабаевқа қатысты істі заң шеңберінде қарап, оның көлік құралын басқару құқығын тоқтатты. Ол кісінің диагнозы бар. G40.3 –эпилепсия синдромы. Бүгінгі күні ол кісі D есебінде тұрады», – дейді Үржар аудандық сотының төрағасы Шынар Оспанова.
Еске сала кетейік, 19 тамызда Абай облысының Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында жол апаты болып, 55 жастағы жүргізуші үйдің алдында ойнап жүрген 6 баланы басып кеткен.