$ 537.63  622.52  6.69

Қазақстанда әлі де 10 жылу электр орталығы апатты жағдайда тұр

Мамандардың сөзінше, бұл нысандарды уақытылы жөндемесе, елді мекендерде үлкен қиындықтар туындайды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Сұңғат Есімханов мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, қазір елдегі он жылу электр орталығының жағдайы өте нашар. Олар қыста ақау шығарып, халықты жылусыз қалдыруы мүмкін.

Мамандардың сөзінше, бұл нысандарды уақытылы жөндемесе, елді мекендерде үлкен қиындықтар туындайды. Сондықтан Үкімет мәселені тез арада шешуді қолға алмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары