Қазір апаттың мән-жайын және себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.
Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында апат болып, бір жұмысшы қаза тапты. Тағы үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқыс оқиға Степногорск ЖЭО-дағы монтаж жұмыстары кезінде болған. Апат салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, тағы үш жұмысщы әртүрлі дәрежедегі жарақат алды.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір апаттың мән-жайын және себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.
"Тексеру нәтижесі бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады", – деп облыстық полиция департаментінің хабарламасында.