$ 537.63  622.52  6.69

Үкімет 2030 жылға дейінгі елдің өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті

Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты.

Оның сөзінше, құжат халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және макроөңірлер мен дамудың басты бағыттары негізінде өңірлердің экономикалық әлеуетін ашуға бағытталған.

Бұл – агломерациялар, моноқалалар, тіреу ауылдар және жаңа Алатау қаласы. Құжатта әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымына қол жеткізудегі теңсіздіктерді азайтуға ерекше көңіл бөлінеді.

— Бүгінде Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес, елді мекендердің қамтамасыз етілу деңгейі 64%-ды құрады. Ал 2028 жылға қарай 70%-ға дейін өсу болжануда. Бұдан бөлек, 2030 жылға қарай елдегі жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнестің қосатын үлесі 40%-ға дейін жетпек, — деп атап өтті Бауыржан Омарбеков. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары