Барлығы 109 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелген.
Қазақстанда көктемнен бері енгізілген орташа жылдамдықты бақылау жүйесі ел жүргізушілерін «қызыл тізімге» енгізіп үлгерді. Барлығы 109 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ең көп ереже бұзылған бағыттар:
Шымкент – Қызылорда – 54 863 жағдай;
Астана – Бурабай (Щучинск) – 29 330 жағдай;
Астана – Павлодар – 18 188 жағдай.
Ең аз бұзылған трассалар:
Орал – Ресей шекарасы (Саратов бағыты) – небәрі 365 жағдай;
Жібек Жолы – Теміртау – бар болғаны 164 жағдай.
Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе көліктердің орташа жылдамдығын бірнеше бекет аралығында өлшейді. Жүргізушілер радардан «қашып құтылғандай» көрінгенімен, түпкі есепте бәрібір ұсталады.