Жаңалықтар 18.08.2014 сағат 11:30

«ЭКСПО-2017» басты нысанының аумағы 2,5 гектардан асады

«ЭКСПО-2017» көрмесінің басты нысаны - шар тәрізді ұлттық павильонның аумағы 2,5 гектардан асады. Бұл туралы бүгін Алматыда «Болашақ қуаты: қуатты тиімді пайдалану» атты халықаралық семинар барысында «Астана ЭКСПО-2017 ҰҚ» АҚ халықаралық қатынастар департаментінің директоры Нұрбек Ергешбаев мәлім етті, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оның айтуынша, ЭКСПО тарихында мұндай ұлттық павильон бұрын-соңды болып көрген емес.

— Жер ғаламшарын білдіретін шар тәрізді бұл нысанның аумағы - 25 000 шаршы метрден асады. Барлық халықаралық көрмелер осы шардың айналасына топтастырылады. Ал жалпы халықаралық павильонның аумағы 162 000 шаршы метр жерді алып жатыр. Бұл жерде бір айта кететін жәйт, бір елге ең көбі 1000 шаршы метр ғана бөлінеді. Әрі қарай 750, 500, 350 шаршы метр болып кете береді. Әрине, елдердің барлығының бірдей өз алдына бөлек павильон салуға шамасы келе бермейді. Сондықтан біз бірлескен павильон салуды ұсынып отырмыз. Ол Кариб теңізінің, Латын Америкасының, Азия-Тынық мұхитының және Африка елдерінің аймағы болып төртке бөлінеді. Одан басқа Экспо-қалашық аумағында коммерциялық алаң әзірленеді. Онда қатысушылардың және инвесторлардың қаржысына әр түрлі дүкендер, дәмхана-мейрамханалар, кәдесыйлық жайма жәрмеңкелер секілді нысандар салынады, — деді өз сөзінде Нұрбек Ергешбаев.

Бүгінгі таңда алдағы халықаралық көрмені ұйымдастыру мақсатында шетел елшіліктері және басқа да халықаралық ұйымдармен, компаниялармен 40-қа жуық екіжақты кездесулер өткізіліп қойылған. Соның арқасында қазіргі таңда көрмеге қатысуға ниет білдірген елдердің саны 60-тан асты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар