Ал енді құттықтасаңыздар болады!
Белгілі тележүргізуші әрі журналист Дина Төлепберген көпшілікпен ерекше қуанышын бөлісті. Ол Каспий теңізінде 5 шақырымдық қашықтықты жүзіп өткенін Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ал енді құттықтасаңыздар болады! Дина қыздарыңыз Каспийде 5 км жүзіп өтті. Шынымды айтсам, оңай болған жоқ. Көл болса да, теңіз дейтініміз бекер емес екен. Бірақ ол туралы ертең айтамын. Ал бүгін – өзіме алғыс айтып үйренуім керек. Бастысы, адамның мүмкіндігі шексіз екеніне тағы көзім жетті», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары тележүргізушінің бұл жетістігін жоғары бағалап, жылы пікірлер қалдырды. «Мықтылығыңызға тәнтіміз!», «Әйелдерге үлгі боларлық қадам жасадыңыз», «Жаңа мақсаттарға шабыт бердіңіз» деп пікір қалдырғандар көп болды.