02.09.2025, 16:00

Алматыда тағы да жол апаты: көлік аударылып қалды (ВИДЕО)

Фото: Central media news

Полицияның мәліметінше, Haval жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Алматының Бостандық ауданында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Оқиға Розыбакиев көшесінде болған. Haval маркалы көлік ауладан басты жолға шыққан сәтте, сол бағытта оңтүстікке қарай келе жатқан Nissan автокөлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан кейін көліктердің бірі жол ортасында аударылып түсті. Полицияның мәліметінше, Haval жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.