$ 540.05  629.16  6.65

Абай облысында жасөспірімді көлік қағып өлтірді

Алдын ала мәліметке сәйкес, жүргізуші жүргізу құқығына ие болмай тұрып, көлік айдаған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Абай облысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, ол алған жарақатынан медициналық мекемеде көз жұмды. Рульде жүргізуші куәлігі жоқ 21 жастағы жігіт болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеп. 

Полиция мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Көлікті тізгіндеген жігіт Аягөз аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, тиісті процессуалдық шаралар жүргізілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жүргізуші жүргізу құқығына ие болмай тұрып, көлік айдаған. Салдарынан жасөспірімді соғып, бала алған жарақатынан медициналық мекемеде қайтыс болды.

Оқиға орнында полицейлер қарау жүргізіп, қажетті заттай дәлелдерді жинады, куәгерлерден жауап алды. Қазір бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары