Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады.
Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңдегі әскери парадты тамашалағанын хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады.
Ал бұған дейін Астанадағы әскери-тарихи музейде Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісі мен екінші дүниежүзілік антифашистік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлттық тәуелсіздік пен әлемдегі бейбітшілік үшін» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өткен еді.