Жаңа жобада бірқатар өзгерістер қарастырылған.
Мәжіліс сайлау туралы заңға енгізілетін түзетулерді қарауға қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жаңа жобада бірқатар өзгерістер қарастырылған. Депутат Снежанна Имашеваның айтуынша, басты мақсат — бір кандидаттың Мәжіліс сайлауына бірден бірнеше округтен түсуіне тыйым салу. Сондай-ақ бір адамның мәслихат пен Мәжіліске қатарлас ұсынылуына шектеу қойылады. Акимдер сайлауында кандидаттың жеке сайлау қоры құрылады.
Президентке, депутатқа, әкімге, Орталық сайлау комиссиясы мүшесіне кандидаттардың ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотталмағаны міндетті шарт ретінде енгізіледі. Агитацияға қатысты талаптар да қатаңдатылмақ. Сонымен қатар заң жобасында сайлау рәсімдерін жетілдіру және талаптарды орындамағандарға әкімшілік жауапкершілік жүктеу көзделген. Сарапшылар мұны сайлау жүйесін әділ әрі ашық ету жолындағы маңызды қадам деп бағалап отыр.