04.09.2025, 12:00

Қордайда ер адам туған қызын зорлаған

Фото: Pixabay

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қордайда алты жастағы қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды. Сот үкімі жайында Жамбыл облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ер адам 2025 жылдың 25 сәуірінде Қордайдағы үйінде мас күйде 6 жастағы қызының дәрменсіздігін пайдаланып, қызына сексуал сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Бұған дейін Семейде 12 және 13 жастағы жас балаларға қатысты қылмыс жасаған студент өмір бойына сотталды.