05.09.2025, 16:00

Коттедждер мен қымбат көліктер: Перизат Қайраттың мүлкі сатылымға қойылады

Коллаж: Sn.kz

Сот ұрланған ақшаға сатып алынған мүліктерді тәркілеуге үкім шығарған еді.

Қаржы мониторингі агенттігі қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың мүлкі мен қымбат бұйымдарымен сот орындаушылары айналысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Халықтың жинаған ақшасын жымқырып, алаяқтық жасады деп айыпталған Перизат Қайраттың тәркіленген мүлкі аукионда сатылымға шығарылмақ.

“Тәркіленген мүлік аукционға қойылып, сол қаражатпен Перизат Қайраттың ісі бойынша жәбірленушілердің шығын өтеледі”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, сот ұрланған ақшаға сатып алынған мүліктерді тәркілеуге үкім шығарған еді.

- Vela Village коттедждер қалашығындағы тұрғын үй;

-  Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, "Көк Жайлау" тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер, тұрақ орнымен қоса;

- премиум санаттағы автомобильдер: Mercedes-Benz S450 (2024 ж.), Lexus LX 600 (2024 ж.), Mercedes-Benz EQE 500 4Matic (2023 ж.), Haval H6 GT (2024 ж.);

- “Rebel Flowers” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100% үлесі;

- 97 млн теңгеден және 22 мың АҚШ доллардан астам ақша.