$ 537.91  628.87  6.6

Масимовтың 1,6 млрд теңгелік сарайы енді ерекше балалардың мектебіне айналады

Енді ол Білім министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық орталығына берілді.

Астана телеарнасы
Астана телеарнасы

Астанадағы 2878 шаршы метрлік зәулім сарай, кезінде ҰҚК-нің экс-басшысы Карим Масимовқа тиесілі болған, мемлекет қарамағына өтіп, білім беру мақсатында пайдаланылмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл нысан бірнеше рет 1,8 млрд теңге бастапқы бағамен сатылымға шығарылғанымен, сатып алушы табылмаған еді. Енді ол Білім министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамыту ұлттық орталығына берілді.

Бір кездері билік элитасының символына айналған қымбат мүлік енді ерекше балалардың дамуына арналған жаңа білім ордасына қызмет етпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары