Төтенше жағдай туралы дабыл 08:05-те түскен.
6 қыркүйек күні таңертең Ақтау қаласындағы "Caspi Bitum" ЖШС зауыты аумағында атмосфералық колоннаға апаратын құбырда өрт тұтанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Төтенше жағдай туралы дабыл 08:05-те түскен. Арада небәрі 27 минут өткен соң, яғни 08:32-де өрт ошағы стационарлық өрт сөндіру жүйесінің көмегімен толықтай сөндірілді. Қосымша түрде "Семсер-Өрт Сөндіруші" ЖШС кезекші бригадалары мен қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жұмылдырылды.
Компанияның мәліметінше, тілсіз жау дер кезінде ауыздықталды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, зауытта ешқандай қирату немесе материалдық шығын тіркелмеген. Өндірістік процесс қалыпты режимде жалғасып жатыр.