$ 535.13  627.44  6.52

«Бәрі біткенде топырлап жүр»: Меруерт Түсіпбаева Талғардағы оқиғаға полиция қызметкерлерін кінәләді

Бұл не сұмдық?! 

Фото: @meruert_tusupbaeva
Фото: @meruert_tusupbaeva

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева Талғарда ер адамды өлтіріп, 2 жасар қызды ұрлап кеткен оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sifnews.kz ақпарат порталы.

“Бұл не сұмдық?! Полицияның қолына ұстап берген қылмыскерді босатып жіберген. Адам өлімі болғаннан кейін, кішкентай сәбиді бопсалағаннан кейін іске кірісіп жатыр. Бәрі біткен соң, топырлап жүргендері ыза тудырады. Неткен сорлылық?!”, – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Талғарда ер адамға оқ атып өлтіріп, екі жасар қызын ұрлап кеткен еді. Кейіннен бүлдіршін аман-есен табылып, күдікті қолға түскен. Сотталушы қамауға алынып, оның қылмыс үшін қолданған қаруы тәркіленді. Ал өзі қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары