$ 446.49  475.38  4.79

Биыл Астанада жаңадан бес қонақ үй мен мейрамхана кешендері ашылмақ

Астанада жыл аяғына дейін бес бірдей қонақ үй және мейрамхана кешенін, сонымен бірге, бірнеше сауда-логистикалық орталығын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Олар Қорғалжын тасжолы, Б. Момышұлы даңғылы, Мәскеу көшесінің бойында және «Оңтүстік-шығыс» тұрғын үй алабында орналасатын болады», делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Сонымен қатар, «Астық логистик» ЖШС, «Жасылтас» ЖШС, «Astana food trade» ЖШС сияқты бірқатар сауда-логистикалық орталық өз жұмысын бастамақ.

Айта кетейік, Астанада жаңа сауда нысандарының ашылуынан басқа, бұрынғы сауда орындары да абаттандырылып жатыр. 

Бұл орайда, тұрақтарды абаттандыру, көгалдандыру, асфальттау және белгілеу, өрт дабылын, қоқыс жәшіктерін, орындықтар мен демалатын күркелер орнату, темекі шегетін орындар жасау жұмыстарын айтуға болады. Сондай-ақ, дәретханаларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша тоңазытқыш жабдығы сатып алынды. Пандустар жөнделіп, мүгедектерге арналған жеделсаты орнатылып, заңсыз және ескі жарнамалар алынып тасталды, және т.б. Ал, бұл жұмыстарды орындауға мыңнан аса адам тартылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары