$ 536.76  630.85  6.45

Астанадағы «Amazon» түнгі клубында 19 жастағы жігітті пышақтап кетті

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астанадағы «Amazon» түнгі клубында келушілер арасында жанжал шығып, соңы қайғылы жағдайға ұласты, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, ер адамдардың бірі қарсыласына пышақ сұғып алған. Салдарынан 19 жастағы жас жігіт көз жұмды.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетіп, күдікті қолға түсті. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Әлеуметтік желі қолданушылары мұндай оқиғалардың жиілеп кеткенін айтып, алаңдаушылық білдіруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары