Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қақтығысқа ерлер де, әйелдер де қатысқан.
Бүгін таңертең Түркияның Анталия қаласындағы әуежайда қазақстандық азаматтар арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қақтығысқа ерлер де, әйелдер де қатысқан. Айта кетейік, кеше ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы тәртіп мәдениеті жайлы ерекше тоқталып өткен болатын:
«Қазір қоғамдық орындарда, жолда, тіпті күнделікті өмірде дөрекілік, айқай-шу, төбелес секілді құбылыстар үйреншікті жағдайға айналды. Мұндай әрекеттер өркениетті қоғамға жат және еліміздің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді», – деген еді мемлекет басшысы.