$ 536.76  630.85  6.45

Карина Мамаш бұрынғы күйеуінің ағасын сотқа беретінін айтты

Ол өз парақшасында үндеу жасады. 

Фото: видеодан скриншот/ YouTube-канал Nukte
Фото: видеодан скриншот/ YouTube-канал Nukte

Әйелін соққыға жыққаны үшін сотталған дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы жары Карина Мамаш экс-күйеуінің туыстарын сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, олар оған жала жауып, әлеуметтік желілерде өз келісімінсіз оның және балаларының суреттерін жариялап жүр.

TikTok-та жарияланған видеода Сәкен Мамаштың ағасы Нұржан Мамаш Каринаға қатысты “жалған айыптау” үшін арыз түсіргісі келгенін, алайда Сәкеннің өзі оған рұқсат бермегенін айтқан.

Карина Мамаш туыстарына үндеу жасап:

“Құрметті Нұржан Мамаш, менің атыма айтылған қорлау мен жала жабу – жай ғана хейт емес, заң бұзушылық. Барлық материалдар тіркеліп жатыр. Егер бұл жалғаса берсе, тиісті органдарға жүгінемін. Сонымен қатар менің және балаларымның суреттерін келісімімсіз жарияламауыңызды талап етемін”, – деді.

Ол сондай-ақ туыстарының әрекеті жағдайды одан сайын ушықтырып жатқанын айтып, қажет болса, барлық дәлелдерді сотта көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары