$ 536.76  630.85  6.45

Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, интимді жеріне қол жүгірткен (ВИДЕО)

Оқиға Түрксіб ауданында күндіз болған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда белгісіз ер адам бойжеткеннің артынан аңдып, кейін оның жыныс мүшесін ұстаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қыз жұртшылықтан осы адамды тауып, жазаға тартуға көмектесуін сұрады.

“8 қыркүйекте маған азғындық жасалды. Ол азғын менің артымнан келе жатып, кейін есікке жақындағанымда итеріп, интимді жерімнен ұстады. Егер сіздер оны танысаңыздар, хабарлауыңызды өтінемін. Осы видеоны өзіңізді ғана емес, туыстарыңызды да қорғау үшін таратуларыңызды сұраймын. Бұл менің артымнан аңдыған есалаң. Мен оны тауып, жазасын беремін”, – деп жазылған хабарламада.

Полиция департаменті бұл факт бойынша тексеру Түрксіб ауданының полиция басқармасы жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Фигурант пен объективті мән-жайлар анықталып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", – деп атап өтті ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары